01.10.2008, 18:32 4650

Қазақстан ILAC және IAF секілді халықаралық аккредитациялық ұйымдарға мүшелікке өтпекші

Қазақстан ILAC және IAF секілді халықаралық аккредитациялық ұйымдарға мүшелікке өтпекші

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2010 жылы зертханаларды аккредитациялау жөніндегі ILAC ұйымына, ал 2012 жылы аккредитациялау жөніндегі халықаралық форумға (IAF) мүшелікке өтпекші. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің аккредитациялау жөніндегі органының жетекшісі Серік Құрманғалиев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Зертханаларды аккредитациялау жөніндегі ILAC ұйымына біз 2010 жылы мүшелікке өтпек ниеттеміз. Бұл ұйымға жетекші 48 ел мүше. ТМД елдерінен оған әзірге ешкім мүшелікке өткен жоқ. 2012 жылы аккредитациялау жөніндегі халықаралық форумға (IAF) мүшелікке өтуді жоспарлап отырмыз", - сказал С. Құрманғалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны