29.03.2012, 14:02 18492

Қазақстан Киото Хаттамасы аясында экономикамызға 3 млрд АҚШ долларын тарту мүмкіндігін пайдаланбай отыр

"Ақ жол" партиясы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке Қазақстанның Киото Хаттамасы аясында экономикамызға 3 млрд АҚШ долларын тарту мүмкіндігін пайдаланбай отырғандығының себебі туралы депутаттық сауал жолдады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Киото Хаттамасы аясында экономикамызға 3 млрд АҚШ долларын тарту мүмкіндігін пайдаланбай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" партиясы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке Қазақстанның Киото Хаттамасы аясында экономикамызға 3 млрд АҚШ долларын тарту мүмкіндігін пайдаланбай отырғандығының себебі туралы депутаттық сауал жолдады.

"Осыдан тура үш жыл бұрын, 2009 жылдың 26 наурызында Қазақстанның Киото Хаттамасына қосылуды ратификациялағаны белгілі. Аталған құжатқа сәйкес біздің еліміз парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту жөнінде өзіне міндеттемелер алды. Басқа жағынан алғанда, Киото Хаттамасы ("В" қосымшасы) Қазақстан үшін халықаралық сауда жүйесіне эмиссиялық квоталармен кіру мүмкіндіктерін ашты. Халықаралық эксперттердің бағалауы бойынша (мәселен, британдық Energy&Emissions, Ltd" компаниясының) бұл жүйеге кіру біздің елімізге отандық кәсіпорындарды модернизациялауға және баламалы энергетиканы дамытуға сауда басталған бірінші жылы 3 млрд-тан астам АҚШ долларын, келесі түсімдерден жыл сайын 300 млн. шамасында АҚШ долларын тартуға мүмкіндік берер еді. Аталған мүмкіндіктерді посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдер (Латвия, Эстония, Украина) пайдаланып қалды",- деп жазады партия депутаттары.

"Сонымен қатар Киото хаттамасын ратификациялаған 3 жылдан кейін де Қазақстан түсініксіз себептермен көрсетілген Хаттаманың "В" Қосымшасына енбей отыр, ал бұл оны жоғарыда аталған мүмкіндіктерден қазіргі уақытқа дейін айырып отыр. Жоғарыда келтірілген эксперттік бағалауды есепке алсақ, ұлттық экономиканың айырылып қалған пайдасы (сауданың эмиссиялық квоталарын пайдаланбаудан) осы кезеңде 1 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайды. Бұл қысыр әңгімеге ой жүгірту емес: мәселен, экологиялық инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктіктің хабарына қарағанда, тек бір ғана 2009 жылы эмиссиялық квоталарды сатудан Украина 300 млн.евро, немесе 400 млн шамасында АҚШ долларын алған.

Біздің жағдайда, халықаралық саудаға эмиссиялық квоталармен қосылудың және шетелдік әріптестерден қаржы алудың орнына уәкілдік берілген мемлекеттік орган атынан ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрлігі экономиканың нақты секторына қосымша қаржылық жүктеме түсіретін өздерінің эмиссияларын өнеркәсіптік кәсіпорындары төлейтін квоталардың ішкі нарығын енгізуде",- деп өрсетілген аталмыш құжатта.

"Сондықтан да, экономикаға түсім және модернизацияға инвестиция әкелудің орнына біздің елде компанияларға нұқсан келтіретін және үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік туғызбайтын мүлдем кереғар амал жүзеге асуда.

Сонымен қатар, баспасөзде хабарлағандай, эмиссиялық квоталардың халықаралық нарығына қатысу құқығын беретін Киото хаттамасының "В" қосымшасына елдерді кіргізу ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталатыны белгілі болып отыр",- деп мәлім етті фракция депутаттары.

"Осыған байланысты, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден біздің еліміздің эмиссиялық квоталармен әлемдік сауда жасаудың қолданыстағы тетіктерінің өткен 3 жыл ішінде пайдаланбауының себептері туралы, сондай-ақ Қазақстанның Киото хаттамасы шегінде халықаралық қаржыландыруға рұхсат алуы перспективасы туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз",- деп айтылған жазады партия атынан сайланған депутаттардың қол қойылған аталмыш құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны