28.09.2006, 11:02 2916

Қазақстан мен АҚШ достық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға тиіс - конгресс жолдауы

ВАШИНГТОН. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан мен АҚШ достық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға тиіс. Бұл туралы АҚШ конгрессінің жолдау-сәлемхатында айтылған. Жолдауды Қазақстан президенті мен АҚШ конгрессі мүшелерінің кездесуінде американ-қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы, Флорида штатынан сайланған конгрессмен Роберт Векслер табыс етті.

"Біз сіздердің елдеріңіз 1991 жылы Тәуелсіздік алған уақыттан бері тереңдей түскен достық пен әріптестікті Құрама Штаттар мен Қазақстан нығайта түсуге тиіс, деп кәміл сенеміз. Біз осы әріптестікті алға жылжытудағы, лаңкестікке қарсы күрес пен қару таратпау саласындағы Сіздің еліңіз көрсеткен теңдессіз көмекті қоса алғанда Сіздің шешуші рөл атқарғаныңыз үшін зор ризашалығымызды білдіреміз. Американ халқы қысқа мерзім ішінде әлемнің көптеген елдері қызыға қарайтын қуатты, өркендеген әрі толерантты мемлекет құрған Қазақстан халқының ерлігі мен табандылығына сүйсінеді. Сізді Құрама Штаттарда құшақ жая қарсы алу - біз үшін үлкен мәртебе",- делінеген жолдауда.

Роберт Векслер сондай-ақ Құрама Штаттарының Капитолий ғимараты үстінде 27 қыркүйекте Қазақстан президенті сапарының құрметіне көтерілген АҚШ Жалауын Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны