17.06.2009, 14:13 1424

Қазақстан мен Бразилия мемлекет басшылары түрлі салалардағы қарым-қатынастардың қарқындана түскенін атап өтті

Қазақстан мен Бразилия мемлекет басшылары түрлі салалардағы қарым-қатынастардың қарқындана түскенін атап өтті

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Бразилия арасында жоғары деңгейде белсенді диалог қалыптасты, түрлі салалардағы қарым-қатынастар қарқындана түсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Сильвамен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан мен Бразилия арасында түрлі салалардағы қарым-қатынастар қарқындана түсті. Ынтымақтастықтардың әлеуеті зор",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы екі есеге артып, 270 млн АҚШ долларынан асқанын айтып өтті.

Осы орайда президент бұл бағыттағы екі елдің экономикалық әлеуеті бұдан да жоғары болуы тиіс екендігін ескертіп өтті.

"Сіздің Қазақстанға сапарыңыз сауда-экономикалық, саяси ынтымақтастықтың жаңа серпінінің бастамасы болады деп айтуға болады", - деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде Бразилия президенті екі елдің қарым-қатынастарында саяси, экономикалық, мәдени және коммерциялық салалардағы байланыстарды жетілдіру керектігіне тоқталды. Оның айтуынша, биылғы жылдың қыркүйек айында Бразилияның Индустрия және коммерция министрі бизнесмендермен бірге Қазақстанға сапармен келетін болады.

"Біз Қазақстан мен Бразилия арасындағы байланысты нығайтуға аса маңызды қадам жасадық дегенге сенімім мол",- деді Бразилия президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны