17.09.2010, 17:36 4046

Қазақстан мен Иордания бірқатар үкімет аралық келісімдер жасады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Иордания Хашемиттік Королдігінің Премьер-Министрі Самир Зайд әл-Рифайдың арасында жүргізілген келіссөздер барысында бірқатар үкімет аралық келісімдер жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 17 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Иордания Хашемиттік Королдігінің Премьер-Министрі Самир Зайд әл-Рифайдың арасында жүргізілген келіссөздер барысында бірқатар үкімет аралық келісімдер жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошибаев пен мен Иорданияның Индустрия және сауда министрі Амер аль-Хадиди дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісімге қол қойған.

Сонымен қатар Қазақстан мен Иордания арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспарына, сондай-ақ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Ионданияның Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келіссөздерден кейінгі брифингте Иорданияның премьер-министрі Самир Зайд әл-Рифай "Біз бүгін Қазақстан мен Иордания арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жоспарының қол қойылуына куә болдық. Ол екі елдің мүдделеріне сәйкес келетін бірқатар салалардағы ынтымақтастықты ұлғайтуға бағытталған",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны