18.02.2008, 16:27 2857

Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады

Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары Марат Тәжин мен Эднан Қарабаев екі жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі жайлы талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сыртқы істер министрлерінің бүгінгі отырысында екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Қазақстан пен Қырғызстан президенттері арасында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың жолдары талқыланып, аймақтағы жағдайға қатысты бірқатар мәселелер бойынша ақпарат алмасылды ", - деді брифингте Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Ол атап өткеніндей, "қазақ-қырғыз инвестициялық коры жұмысының жақын уақытта басталуына орай мәселе талқыланды". "Былтыр біздің президентіміздің ресми сапары кезінде осындай тапсырма берілген болатын. Қазір біз оны аяқтаудың алдында тұрмыз. Заңдық тұстары жайлы сарапшылар келісіп жатыр. Қырғызстан президентінің ресми сапары кезінде бұл мәселе толық шешіледі деген сенімдеміз", - деді ол.

Сонымен қатар, М. Тәжиннің айтуынша, су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері де талқыланды. "Сырдария өзенімен жіберілетін су көлемін реттеуге келмейтін жағдайлардың залал-зардабының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолға алу жөнінде келісімге келдік", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны