09.04.2008, 19:07 3258

Қазақстан мен Қытай бірқатар ірі жобалар бойынша келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай бірқатар ірі жобалар бойынша келісімге қол қойды

Астана. 9-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Қытайға ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік корпорациялары мен холдингтерінің басшылары бірқатар ірі бірлескен жобалар бойынша келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ мен "China Network Communications Group" (CNC) компаниясының басшылары желілердің шекаралық торабын тұрғызу жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Ал "Ақтау теңіз айлағы" арнаулы экономикалық аймағы" мемлекеттік мекемесі мен "Сан Бао" Шыңжаң сауда-өнеркәсіптік корпорациясының арасында қазақстандық арнайы экономикалық аумақты дамытудағы ынтымақтастық жөніндегі ниет хаттамасына қол қойылды. Сондай-ақ, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ пен Қытайдың "Лимитед ТВЕА" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

""Қазақстан - Қытай: табыс үшін әріптестік" атты бизнес-форумға қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың желтоқсан айындағы ҚХР-ына мемплекеттік сапары кезінде қол қойылған маңызды бағдарламалық құжаттарға, сондай-ақ, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның 2007 жылдың тамыз айындағы Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қабылданған экономиканың шщикізаттан басқа салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына жоғары баға берді ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, "ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник пен ҚХР коммерция министрі Чэнь Дэмин, және басқа да мемлекеттік құрылым басшылары Қазақстан мен Қытайдың екі жақты сауда көлемінің екпінді ұлғаюына қолайлы жағдай жасап отырған экономикалық даму қарқынына баса назар аударды".

"Бүгін Қазақстан ҚХР-ның Орталық Азия және Шығыс Еуропа өңіріндегі жетекші сауда әріптестерінің арасындағы рейтингте екінші орынды бекем иемденеді", -делінген хабарламада.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 13,8 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 66 процентке өсті.Сөйтіп, екі мемлекет басшысы 2010 жылы 10 миллиард долларға жеткізу жөнінде қойған меже үш жыл бұрын алынды. Қазақстан мен Қытай үкіметтері ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 15 млрд долларға жеткізбекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны