22.04.2008, 18:27 3180

Қазақстан мен Өзбекстан өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші роль атқара алады - Кәрімов

Қазақстан мен Өзбекстан өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші роль атқара алады - Кәрімов

Астана. 22 -сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Өзбекстан өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші роль атқара алады. Бұл туралы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Меніңше, біздің елдеріміздің тұрақты даму мәселесімен қатар, бірінші кезекте қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесін де шешудің принциптік маңызы зор. Ол бойынша өз әлеуеті мен мүмкіндіктеріне, ұмтылыстарына орай Қазақстан мен Өзбекстан шешуші роль атқара алады. Соның ішінде Орталық Азия аймағындағы жалпы тұрақтылыққа байланысты және оның тұрақты даму перспективасына қатысты мәселелерді шешудің маңызы аса зор", - деді И. Кәрімов.

"Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірін қажет ететін мәселелер өте көп", - деді ол. "Осыған байланысты тағы бір рет кездесу қажеттігі бар және біздің өңірде қалыптасып отырған күрделі ахуалда екі жақты және көп жақты сипаттағы өз басымдықтарымыз бен мақсаттарымызды айқындауымыз қажет", - деді Өзбекстан мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. "Менің соңғы сапарымнан кейін екі ел арасындағы сауда-саттық екі есе өсті. Экономикалық интеграция өсіп келеді, бұл бізді қуантып отыр", - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны