20.12.2012, 11:32 5603

Қазақстан мен Ресей 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында екі ел президенттері екі жақты ынтымақтастықты дамыту барысын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Мәскеуде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екі жақты ынтымақтастықты дамыту барысын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы апат кезінде жедел реттеу жүйесін құру және көлік саласындағы қосымша навигациялық-ақпараттық қызмет көрсетудің даму мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны