19.10.2010, 14:20 4209

Қазақстан мен Ресейдің президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 19 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері мен бірқатар келешегі кемел экономикалық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ екі елдің ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерін өзара қолдау туралы сөз болды.

"Қазақстан мен Ресей басшылары аймақтық қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша да пікір алмасты. Соның ішінде, Қырғызстандағы жағдайды талқылап, Тәжікстандағы ахуалдың күрделенуіне алаңдаушылықтарын білдірді",- деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны