11.05.2010, 11:19 2158

Қазақстан мен Үндістан азаматтық мақсаттағы ядролық ынтымақтастық жайындағы жобаны талқылайды

Қазақстан мен Үндістан азаматтық мақсаттағы ядролық ынтымақтастық жайындағы жобаны талқылайды

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Үндістанның сыртқы істер министрі Соманахалли Малайя Кришна (Somanahalli Mallaiah Krishna) 11 - 13 мамырда елдің ықпалды кәсіпкерлерінен құралған делегацияны басқарып Қазақстанға барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Үндістанның NetIndian басылымына сілтеме жасап. Ал басылым сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Вишну Пракашқа (Vishnu Prakash) сілтейді.

Сапар күн тәртібінде ауылшаруашылығы, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, тыңайтқыштар өндірісі, фармацевтикалық және мұнайхимиясы өнеркәсібіндегі, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жайлы келіссөздер жүргізу межеленген.

Атап айтсақ, тараптар азаматтық мақсаттағы ядролық ынтымақтастық жайындағы Intergovernmental Agreement жобасы жайлы талқылайды. Үндістан мен Ресей арасында қол қойылған келісімге ұқсас бұл келісімде уранға шаққандағы отын өндірісі, тау-кен өнеркәсібі мен атом электр станциялары саласындағы ынтымақтастық жайы қарастырылған. Сапар барысында бұған қоса Қазақстан мен Үндістанның бірлескен бизнес-форумын өткізу мүмкіндігі талқыланады.

Көмірсутегі саласындағы, атап айтсақ, "Сәтпаев" блогындағы мұнай кенішін бірлесе игеру жайы да талқыға түсетін маңызды мәселелердің бірі.

"Тараптардың ынтымақтастық стратегиясының келешегі зор әрі ол алысты көздеген келісім", - деді СІМ өкілі В. Пракаш.

В. Пракаштың айтуынша, сапар барысында тараптар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға сапарынан кейінгі екі жақты қарым-қатынастардағы ілгерілеушіліктер мен өзара қызығушылық тудырған өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылайды. Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барысында қабылданған кейбір басты бастамаларды атқаруға қатысты "жол картасын" талқылайды. Олар сонымен қатар мәдени алмасулар жайлы да кең көлемді келісімнің жайын тылқыламақшы.

В. Пракаштың айтуынша, азаматтық мақсаттағы ядролық ынтымақтастық жайындағы келісімге осы жолғы сапар барысында қол қойылмағанымен, бұл жолғы талқылаулар бүұдан былайғы келісімнің арқау негізін қалайды.

"Біз тараптар ілгерілеушіліктерге қол жеткізеді деп үміттенеміз. Сәтпаев кенішіндегі барлау және өнім өндіру жөніндегі келісім аяқталуға жақын. Сапар кезінде осы мәселе бойынша оң қадамдар жасалады деп үміттенеміз",- деді Үндістан СІМ Еуразиялық департаментінің абсшысы Аджай Бисария (Ajay Bisaria).

"Бұл - екі жақты қарым-қатынастардағы ең басты мәселелердің бірі ", - деді ол. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Қазақстанда шағын атом электр станцияларын салу жайлы да талқылауды жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны