01.10.2009, 18:08 2384

Қазақстан мен Изербайжан екі жақты 10 құжаттың жобасын жасауда

Қазақстан мен Изербайжан екі жақты 10 құжаттың жобасын жасауда

Баку. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Изербайжан екі жақты 10 құжаттың жобасын жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Изербайжан үкіметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Қазақстан мен Изербайжан арасында 80-нен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және мекемеаралық келісімдерге қол қойылған, бірақ, келісім-құқықтық базаның аясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, қазір екі жақты 10 құжаттың жобасын жасалуда. Экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының қорытындысы бойынша бүгін екі елдің Сыртқы істер министрлігіне осы құжаттарды келісу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға тапсырма берілді", - деді үкіметтің өкілі.

Комиссия сондай-ақ, Изербайжанның Салық министрлігі мен Қазақстанның Қаржы министрлігіне салық салу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қою мүмкіндіктерін қарастыруға нұсқау берілді.

Сондай-ақ, үкіметаралық комиссия екі елдің Төтенше жағдайлар министрліктеріне азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасын келісу жұмыстарын қарқындандыруға нұсқау берді.

Экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының қорытындысы бойынша бүгін комиссияның 7-ші отырысын 2010 жылы Астанада өткізу жөнінде шешім қабылданды. Оны өткізетін мерзімі дипломатиялық арналар бойынша қосымша келісіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Изербайдан үкіметті 2010 жылдың көктемінде бизнес-форум өткізуге келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны