05.02.2010, 18:18 3224

Қазақстан мұнай қорының қаражатын пайдалану бойынша норвегиялық тәжірибені алып пайдаланбақ ниетте

Қазақстан мұнай қорының қаражатын пайдалану бойынша норвегиялық тәжірибені алып пайдаланбақ ниетте. Осы жөніндегі уағдаластыққа бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қазақстанға ресми сапармен келген Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнустың (Crown Prince Hokon Magnus) кездесуі кезінде қол жеткізілді.

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мұнай қорының қаражатын пайдалану бойынша норвегиялық тәжірибені алып пайдаланбақ ниетте. Осы жөніндегі уағдаластыққа бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қазақстанға ресми сапармен келген Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнустың (Crown Prince Hokon Magnus) кездесуі кезінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәрім Мәсімовтың хабарлауынша, "Қазақстан делегациясы Норвегияға барып, ұлттық мұнай қорының қаражатын пайдалану саласындағы тәжірбені жете зерттейді деген мәміле жасалды".

Сондай-ақ, премьердің айтуынша, сапар барысында "энергетика, ауылшаруашылығы, туризм салалары бойынша бірқатар келісімдер жасалды".

Бұған қоса Қазақстан мен Норвегияның сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Мұрагер ханзада өз кезегінде былай деді : "Каспий теңізінде біздің норвегиялық компаниялар, соның ішінде "Акер" мен "Статойл" белсенді жұмыс істеуде, және олар Қазақстандағы жаңа жобаларға қызығушылық танытуда".

Ал ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев журналистерге берген сұхбатында Қазақстан норвегиялық компаниялармен бірлесе жұмыс істей береді, "атап айтқанда, Абай блогындағы жұмыстар әлі де аяқталған жоқ", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны