28.10.2007, 15:36 2825

Қазақстан парламентінің өкілдері Санкт-Петербургте өтетін парламентаралық іс-шараларға қатысады

Қазақстан парламентінің өкілдері Санкт-Петербургте өтетін парламентаралық іс-шараларға қатысады.

Астана. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ертең, 29-қазанда Қазақстан парламентінің өкілдері парламент мәжілісінің төрағасы Аслан Мусиннің төрағалығымен парламентаралық іс-шараларға қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына аттанады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

29-қазан мен 1-қараша аралығында қазақстандық парламент депутаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясының, ЕурАзЭҚ Парламентаралық ассамблеясының бюросының, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының 29-шы жалпы отырысының жұмысына қатысады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны