04.07.2006, 14:34 3071

Қазақстан президенті біріккен партияның алдына бірқатар міндеттер қойды

Қазақстан президенті біріккен партияның алдына бірқатар міндеттер қойды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада “Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біріккен партияның алдына бірқатар міндеттер қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бұған дейін алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарының сабақтастығын сақтап, “Асар” партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасын сатылы түрде жүзеге асыру керек. Маман мәселесінде де сабақтастық сақталуға тиіс. Бұл ретте басқарушы органдар арасындағы функция қайталауға жол бермеген жөн”,- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы сонымен бірге “партия ішінде тәртіп сақтау қажеттігін” ерекше атады. “Бірігу процессі жедел аяқталуға тиіс. Депутаттар бір партиядан екіншісіне өте беруге тиіс емес. Ол үшін біз “Сайлау туралы” және “Саяси партиялар туралы” заңдарға тиісті өзгерістер енгізуіміз қажет”,- деді ол.

“Мамандар құрамын нығайтып, ауқымды заң шығару жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Біріккен партияның иеологиялық жұмыстарын күшейту керек”,- деді президент.

Біріккен партияның басты міндеті – Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілеті 50 елінің қатарына кіргізу стратегиясын түсіндіру мен насихаттау болуға тиіс, деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

“Отан” партиясы оппозициямен де конструктивті пікір алмасуға тиіс”, деп тапсырды мемлекет басшысы.

Сонымен бірге “Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезінде Нұрсұлтан Назарбаев бүгін партияның эмблемасындағы шаңырақтың үш таянышын “Асар” партиясының түсі – қызыл түске бояуды ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны