11.02.2010, 18:08 3280

Қазақстан президенті мен Түрік Республикасының сыртқы істер министрі өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективасын талқылады

Қазақстан президенті мен Түрік Республикасының сыртқы істер министрі өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективасын талқылады

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглуды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иңгіме барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын дамыту перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы өзінің 2009 жылғы қазанда Түркияға ресми сапары барысында, сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің саммиті аясында Нахчывандағы жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер кезінде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына қанағаттанушылық сезімін білдірді.

Ахмет Давутоглу Н.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның табыстарына жоғары баға берді.

Министр Қазақстан мен Түркияның шекарасы ортақ болмағанмен, екі елді ортақ тілі мен тарихи сабақтастығы байланыстыратынын атап өтті.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Түркияға ресми сапары барысында 2009 жылғы қазанда қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы Шарты Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтерді", - деп атап көрсетті Ахмет Давутоглу.

Ахмет Давутоглу мырза атап өткендей, Түркия елшілігі екі елдің арасында қазақстандық дипломатиялық миссиясы жоқ үшінші елдерде Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғайтыны туралы келісімге екі ел қол жеткізді. Сондай-ақ Түркияда Қазақстанның және Қазақстанда Түркияның азаматтарының визасыз келіп-кету мерзімін бір айдан үш айға дейін созу жоспарлануда.

Түркиялық министр тиісті келісім Түрік Республикасының президенті Абдулла Гүлдің Қазақстанға сапары кезінде, ағымдағы жылғы мамырда қол қойылатын болады.

"Бүгін біз Нахчыванда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі" хатшылығы Стамбұлда орналасатындығы туралы келісімге келдік. Қазақстанда Түрік академиясы құрылатын болады", - деді министр.

Түркия сондай-ақ ЕҚЫҰ мемлекеттерінің саммитін Астанада өткізуге көмек көрсету және барлық халықаралық ұйымдар аясында Қазақстанмен белсенді ынтымақтастықта болу ниетінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны