12.05.2008, 19:11 2722

Қазақстан президенті Тәжікстанмен арадағы саяси әріптестік жоғары деңгейде екенін атап өтті

Қазақстан президенті Тәжікстанмен арадағы саяси әріптестік жоғары деңгейде екенін атап өтті

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанмен арадағы саяси әріптестік жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бұл туралы мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екі ел арасындағы саяси әріптестік аса жоғары деңгейде ", - деді Н. Назарбаев. "Біз сенімді саяси әріптес болып табыламыз және Қазақстан өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша біздің бастамаларымыз бен ұсыныстарымызды тұрақты қолдайтындығы үшін Тәжікстанға дән риза", - деді ол.

Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, "ынтымақтастықтың табысты мысалы ретінде елдердің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі әріптестігін, сондай-ақ, Тәжікстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау жөніндегі Қазақстанның кандидатурасын үлкен белсенділікпен қолдауын атауға болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны