02.10.2009, 12:08 2495

Қазақстан президенті Изербайжанға ресми сапармен келді

Қазақстан президенті Изербайжанға ресми сапармен келді

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Изербайжан Республикасының президенті Ильхам Илиевтің шақыруымен 2 қазанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш елге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Екі ел басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан мен Изербайжан арасындағы өзара ынтымақтастық перспективалары мәселелерін талқылауды жоспарлауда, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады.

Атап айтсақ, "Екі ел үкіметтері арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде түзілген Изербайжанның берешегін өтеу жөніндегі келісім", сондай-ақ, "Мал дәрігерлік саладағы ынтымақтастық туралы келісім", "Азаматтардың өзара визасыз жүріп-тұруы туралы келісім", "Ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім", Сумгаит пен Ақтаудың арасында бауырлас қалалар ретінде қатынас орнату жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойылмақшы.

Сапар барысында энергетика, транзит пен көлік жүйелері, ауылшаруашылық, білім мен туризм, мұнай-газ құрал жабдықтарын өндіру, халықаралық теңіз кеме қатынасы (Каспий теңізі бойынша), әскери-өндірістік саладағы бірлескен транспорттық-логистикалық компанияларды құру сияқты мәселелерді де қарастыру көзделуде.

Бұған қоса Изербайжан Республикасының Нахичеван қаласында 3 қазанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Түркі тілдес елдер басшыларының 9- шы саммиті өтеді.

Бұл кездесу екіжақты мүдделерден тұратын түркітілдес елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық, көлік, туризм, энергетика және басқа салалардағы кең ауқымды мәселелерді талқылауға мүмкіндік бермек.

Саммит нәтижесінде декларация қабылданып, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны