26.11.2009, 13:22 2401

Қазақстан президентінің пайымдауынша, өзінің осы жолғы Беларусь еліне сапары қарым-қатынастарды одан бетер қарқындандыра түспек

Қазақстан президентінің пайымдауынша, өзінің осы жолғы Беларусь еліне сапары қарым-қатынастарды одан бетер қарқындандыра түспек

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, өзінің осы жолғы Беларусь еліне сапары қарым-қатынастарды одан бетер қарқындандыра түспек. Бұл туралы ол кеше Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кезедсуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Н. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, тараптар жалпы құны 3 миллиард доллардан асатын бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға келісті. "Біз осы жобаларды жүзеге асырған кезде екі ел арасында серпінді қатынас болмақ", - деді ол.

Президенттің пайымдауынша, екі елдің ынтымақтастық перспективасы зор. "Біз сіздердің бәсекеге қабілетті өнім өндіретін өнеркәсіптік алып кәсіпорындарыңызды қалай модернизациялап алғандарыңызға таңданыспен қарып отырмыз. Сіздің елдің машина жасау саласы әлемнің 160 еліне шықты", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан президенті атап көрсеткендей, Қазақстан мен Беларусь арасында шешімін таппаған мәселелер мен келіспеушіліктер әсте болған емес. Ол Беларусь еліне Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығын бірінші болып белсенді қолдағаны үшін алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны