27.09.2008, 11:46 2877

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы мен Грузия елшісі Кавказдағы ахуалды талқылады

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы мен Грузия елшісі Кавказдағы ахуалды талқылады

Астана. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қ.Тоқаев кеше Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Шургаияны оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дидарласушылар Грузия төңірегіндегі оқиғаларды талқылады. Төраға Қ.Тоқаев Қазақстан Ресеймен одақтастық тұрғыда және Грузиямен өзара достық қарым-қатынаста екенін, кавказ аймағының осы бөлігіндегі ахуалдың бір қалыпқа түсуіне шынайы тілектестігін атап өтті.

Қ.Тоқаев президент Н.Назарбаевтың осы жанжалға қатысты айтқандарын келтіре отырып Еуропалық Одақ пен Ресейдің келісімдерін қолдау туралы ойларын ортаға салды. Оның айтуынша, бұл келісімдерді орындау Грузияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Кездесу барысында елші З.Шургаия өз еліндегі әскери қақтығысқа қатысты тең тұрғыдағы, салмақты бағыты үшін Президент Н.Назарбаевқа алғыс айтып, Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны