26.05.2008, 18:52 2862

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы АҚШ Конгресінің ресми делегациясын қабылдады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы АҚШ Конгресінің ресми делегациясын қабылдады

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Ник Рэйхэл бастаған АҚШ Конгресінің ресми делегациясын қабылдады, деп хабарладйы агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында екі елдің саяси және экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу болды. Сондай-ақ қазақстандық-американдық стратегиялық әріптестіктін жан-жақты нығайтуға екі жақты ұмтылыс білдірілді.

Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаев Қазақстан мен АҚШ-тың стратегиялық әріптесігі ортақ құндылықтардың берік іргетасына негізделгенін және болашағының зор екендігін атап өтті.

"Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буш ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік ретінде айқындаған Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы бейбітшілік, қауіпсіздік, өркендеулер және адамдардың бостандықтары мен құқықтарын сыйлау сияқты ортақ құндылықтарға сүйенеді", - деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы кездесуде.

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздік, әскери-техникалық байланыстар, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, терроризммен күрес, сауда мен инвестиция, энергетикалық ресурстарды игеру салаларында тығыз ынтымақтасуда, сондай-ақ демократияны алға бастыру мәселелері жөнінде белсенді үнқатысу жүргізіп отыр. Қазақстан АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әскери операцияларына қолдау білдірді, бүгінде онда Қазақстанның әскери құрамы қызмет атқаруда; ағымдағы жылдың басында ҚР мен АҚШ әскери ведомстволары арасында әскери-техникалық ынтымақтастықтың екінші бесжылдық жоспары бекітілді. Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар жалпы көлемінің үштен бірі, негізінен энергетика саласындағы көрсеткіштер бойынша, америкалық компаниялардың үлесіне тиесілі. Сондай-ақ екі ел үкіметтері елімізге тартылатын америка инвестицияларын әртараптандыруға мүдделі, бұл мақсатта мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы әзірлену үстінде. Қазақстан да, АҚШ та еліміз 2010 жылы төрағалық етуге белсенді дайындалып жатқан ЕҚЫҰ-ның мүшелері болып табылады.

Конгресс делегациясының құрамында ассигнациялау, барлау, заң істері жөніндегі комитеттердің өкілдер палатасының мүшелері Д.Айсса, Ч.Мелансон, Р.ЛаХуд, Дж.Линдер және Дж.Кингстон бар. Аталған конгрессмендер Батыс Вирджиния, Калифорния, Иллинойс, Лиузиана және Джорджия штаттарының өкілдері болып табылады. Олар энергетика, қызмет көрсету индустриясы, сауда салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне қызығушылық танытты. АҚШ конгрессінің Қазақстанға қатысты күн тәрбіндегі негізгі мәселелердің бірі елімізді Джексон-Вениктің түзетулері ықпалынан шығару болып табылады, оған сәйкес 1974 жылы КСРО-мен сауда-саттыққа шектеулер қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны