19.06.2007, 17:24 3148

Қазақстан - Түрікменстан - Иран темір жолын салу туралы келісімге Каспий жағалауындағы елдердің мемлекет басшыларының саммитінде қол қою жоспарланған

АЛМАТЫ. 19 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан - Түрікменстан - Иран секілді үш елдің теміржол магистралін салу туралы келісімге Тегеренда өтетін Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының саммитінде қол қою жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Түрікмен көшбасшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада және Түрікменбашы қаласындағы үш жақты самиттегі келіссөздер барысында қол жеткізілген Солтүстік - Оңтүстік транспорттық-коммуникациялық дәліз құру туралы келісімді жүзеге асыру барысын кеше Түріменстан мен Қазақстанның президенттері телефон арқылы талқылады. Атап айтқанда, сөз теміржол магистралін тарту туралы болды.

"Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердымухаммедовтың сәйкес келісімге қол қою мерзіміне қатысты бастамасына қолдау танытты, оның рәсімі Каспий маңындағы мемлекет басшыларының саммиті кезінде Тегеранда өтеді",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлағандай, Тегеранда 20-маусымда Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлігі басшыларының үшінші отырысында Қазақстан, Изербайжан, Иран, Ресей мен Түрікменстанның сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының екінші саммитін өткізетін уақыты мен күн тәртібін талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны