28.08.2006, 18:26 2955

Қазақстан Жапониямен арадағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуге дайын

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға келген Жапония үкімет басшысы Дзюнъитиро Коидзуми бүгін Ақордада мемлекет басшысымен кездесіп, екіжақты келіссөздер өткізді. Кездесу барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев :"Қазақстан Жапониямен арадағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуге дайын",- деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сіздің сапарыңыз екі ел қарым-қатынасы стратегиясындағы тарихи оқиға болып табылады. Сіздің елдің Орталық Азия бағытында өз дипломатиясын пәрмендендіре бастауын қолдаймыз. Бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуге дайынбыз",- деді Н.Назарбаев.

Кездесуде Елбасы Қазақстан мен Жапонияның арасындағы өзара ынтымақтастық тұрақты дамып келе жатқандығын атай отырып, Орталық Азияға бағдар жасаған жапон кәсіпкерлеріне Қазақстанның есігі әрдайым ашық екенін айтты.

Жапония үкімет басшысы Дзюнъитиро Коидзуми Қазақстан президентіне ресми шақырғаны үшін алғысын білдіріп , Қазақстанның соңғы кездері экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенін , Орталық Азия аймағындағы белді мемлекеттердің бірі екендігін, елдің табысына тек Жапония ғана емес, жалып әлемдіәк қауымдастықтың тәнті болып отырғанын атап көрсетті. "Ресей мен Қытайдың арасында орын тепкен сіздің ел сонымен біруақытта АҚШ-пен де, Еуроодақ елдерімен де жақты байланыс орнатқан. Бұл - сыртқы саясаттағы тепе-теңдіктің белгісі",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны