19.02.2007, 17:58 2934

Қазақстанда Ата заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылады

АСТАНА. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда Ата заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім етті.

"Мен Ата заңға енгізілетін өзгерістер туралы нақты ұсыныстардың жобасын жасайтын жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қоятын боламын. Оның құрамына мемлекеттік мекемелердің өкілдері, депутаттар, заңгер-ғалымдар, конституциялық құқық және саяси жүйе салаларындағы мамандар қамтылады. Жұмыс тобы еліміздің қазіргі Ата заңы мен тиісті заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған нақты ұсыныстарды дайындауға тиіс",- деді Н.Назарбаев.

Президент мемлекеттік комиссияның ұсынысымен еліміздегі саяси реформаларды екі кезеңмен, атап айтсақ, қазіргі қолданыстағы Ата заңның аясында және оған түзетулер енгізу арқылы жүзеге асыру қажет деп атап өтті. Елбасының пікірінше, бұл жұмыстарды бір уақытта іске асыру қажет. "Біз қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізе отырып, сонымен бір уақытта Ата заңының өзіне де өзгерістер енгізу жұмыстарын жүзеге асыратын боламыз. Екі бағыттағы жұмыстарды біруақытта жүргіземіз",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны