11.07.2007, 14:09 3395

Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 1020 кандидат ұсынылды - ОСК

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 1020 кандидат ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме жасап.

"2007 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 1020 кандидат ұсынылды",- делінген мекеме таратқан баспасөз баянында.

Олардың ішінен 695 кандидатты "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы, 7 кандидатты Қазақстанның Халық Коммунистік партиясы, 2 кандидатты Қазақстанның Коммунистік партиясы, 1 кандидатты "Ауыл" Қазақстан социал-демократиялық партиясы, 2 кандидатты қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 313 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Облыстық мәслихаттарға 45 кандидат, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына - 25 кандидат және Алматы қаласының мәслихатына - 37 кандидат; аудандық мәслихаттарға - 893 кандидат; қалалық мәслихаттарға - 82 кандидат ұсынылды.

Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясына "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясының және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімдері ұсынылды.

Жалпы мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысуға жеті саяси партия ниет білдірген, соның ішінде "Нұр Отан" ХДП (оның сьезінде 127 кандидаттың тізімі бекітілген), "Руханият" партиясы (11), "Ақжол" (114), ЖСДП (80), "Ауыл" партиясы (40), ҚХКП (22) және Патриоттар партиясы (13) бар.

Партиялық тізімдерді ұсыну 2007 жылғы 11 шілдеде, ал оларды тіркеу 17 шілдеде аяқталады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 17 шілдеде, ал оларды тіркеу 23 шілдеде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны