31.08.2012, 10:28 7837

Қазақстандық делегация Қосылмау Қозғалысы саммитіне қатысуда

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 30 тамыз күні Иран астанасы Тегеран Қосылмау Қозғалысының 16-ыншы Саммиті ашылды. Форум жұмысына жүзден аса мемлекет пен халықаралық ұйымдардың көшбасшылары мен өкілдері қатысты. Қозғалыстың байқаушысы статусына ие Қазақстан Республикасын Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов өкілдік етті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық делегация Қосылмау Қозғалысы саммитіне қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 30 тамыз күні Иран астанасы Тегеран Қосылмау Қозғалысының 16-ыншы Саммиті ашылды. Форум жұмысына жүзден аса мемлекет пен халықаралық ұйымдардың көшбасшылары мен өкілдері қатысты. Қозғалыстың байқаушысы статусына ие Қазақстан Республикасын Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов өкілдік етті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Кездесуге қатысушылар ғаламдық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде БҰҰ реформалау, қақтығыстарды алдын-алу мен реттеу, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, әлемдік қаржы және экономикалық дағдарысты еңсеру, адам құқықтарын қорғау және басқа да мәселелерді қарастыруда. Аймақтық мәселелер арасында Сириядағы жағдайға, Палестина мәселесіне, Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру және бейбіт атомды дамытуға баса назар аударылып отыр", - делінген ведомствоның ақпаратында.

Форумды Иран Жоғарғы көшбасшысы Аятолла Сейед Али Хамени ашты. Ашылу салтанаты барысында Иран Президенті Махмуд Ахмединежад Египет Президенті Мохаммед Мурсиден Қосылмау Қозғалысының төрағалық эстафетасын қабыл алды.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун өз сөзінде Қозғалысқа өзекті жаһанды және аймақтық мәселелер бойынша пікірін жеткізіп, ядролық қарудан азат әлем идеясына толыққанды ұстанымын атап өтті.

Саммиттің екінші күнінде, 31 тамыз күні, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Саммитте сөз сөйлейді деп күтіліп отыр.

Бірінші күні форум алаңында Е.Қазыханов Изірбайжан, Алжир, Бахрейн, Беларусия, Индия, Моңғолия, Мьянма, Тәжікстан, Түркменстан, Шри-Ланка сыртқы істер министрлерімен және Ислам даму банкінің Президентімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер аясында екіжақты және көпжақты өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қосылмау Қозғалысы 1961 жылы Белград конференциясының 25 қатысушы мемлекетімен құрылған болатын. Қазіргі таңда Қозғалысқа 120 мемлекет қатысады және 20 мемлекетке тарта бақылаушысы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны