04.05.2009, 18:17 2708

Қазақстанға келесі аптада Корея Республикасының президенті мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанға келесі аптада Корея Республикасының президенті мемлекеттік сапармен келеді

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанға келесі аптада Корея Республикасының президенті мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Ағымдағы жылдың 12 - 14 мамырында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға Корея Республикасының президенті Ли Мен Бак мемлекеттік сапармен келеді. Ол ел басшылығымен келіссөздер жүргізеді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындысы бойынша түрлі ынтымақтастық салаларындағы екі жақты құжаттар топтамасына қол қойылады деп күтілуде. Сапар аясында Қазақстан - Оңтүстік Корея бизнес-форумы өтеді.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Корея Республикасының президенті Ли Мен Бактың алдағы мемлекеттік сапары барлық бағыттар, соның ішінде әсіресе экономика саласында Қазақстан - Оңтүстік Корея ықпалдастығын нығайту және оны ілгерілете түсуде кезекті тың серпін болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны