12.02.2008, 16:53 2753

Қазақстанға Кувейттің жоғары лауазымды өкілдері келеді деп күтілуде

Қазақстанға Кувейттің жоғары лауазымды өкілдері келеді деп күтілуде

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанға ағымдағы жылы Кувейттің жоғары лауазымды өкілдері келеді деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылы Қазақстанға Кувейт әмірі, шейх Сабах аль-Ахмед аль-Джабер Ас-Сабах, Кувейт мемлекетінің премьер-министрі шейх Насер аль-Мухаммад аль-Ахмад Ас-Сабах пен Кувейт әмірі әкімшілігінің жетекшісі шейх Насер Ас-Сабах келеді деп күтілуде", -делінген сыртқы саясат мекемесінің хабарламасында.

"Қазіргі кезеңде Қазақстан -Кувейт қарым-қатынастарының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Кувейттің Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процессіне және Илемдік және дәстүрлі дін жетекшілері сьезінің іс-қызметіне қатысуы, сондай-ақ, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты пәрмендендіру мәселелері болмақ", -делінген құжатта.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2008 жылғы 10 ақпанда ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың Кувейтке сапары болып өтті.

"Сапар аясында Қазақстандық дипломат Кувейт мемлекетінің вице-премьері, сыртқы істер министрі шейх Мухаммад Сабах ас-Салим Ас-Сабахпен кездесіп, оған ҚР СІМ Марат Тәжиннің сыртқы істер министрлерінің 2008 жылғы күзде Астанада өтетін "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеушілікке жету" атты форумына шақырған жолдау хатын табыс етті", -деп хабарлайды СІМ.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кувейт арасындағы екі жақты ынтымақтастыққа қатысты түрлі салалардағы кең көлемді мәселелер топтамасы мен жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулерге дайындық жайы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны