04.09.2012, 11:30 3155

Қазақстанға Өзбекстан, Корея және Вьетнам Республикаларының басшылары жұмыс сапармен келеді

"Қыркүйек айында Қазақстанға Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак келеді", деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанға Өзбекстан, Корея және Вьетнам Республикаларының басшылары жұмыс сапармен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қыркүйек айында Қазақстанға Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак келеді", деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак 12-14 қыркүйекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келеді. Осы сапар аясында энергетика, қайта өңдеу өнеркәсібі, жоғары технология, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен ахуалы талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік өзекті проблемалар қаралмақ.

Өзбекстан Президенті Ислам Каримов 6-7 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келеді. "Сапар қорытындысы бойынша екі ел мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемені қабылдауы мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюы қарастырылыған", - деді Ибибуллаев брифинг барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны