27.04.2007, 17:53 3259

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуі бұл ұйым жұмысының жаңа серпін алуына мүмкіндік береді - Путин


МОСКВА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуі бұл ұйым жұмысының жаңа серпін алуына мүмкіндік береді, деп мәлім етті Ресей президенті Владимир Путин.

"Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалығы постына Қазақстанның кандидатурасын қолдаймыз, және де Қазақстанның төрағалық етуі бұл ұйымның жұмысына қажетті серпін береді деген сенімдеміз",- деді Ресейдің президенті.

"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның іс-қызметінің нақты мәнге ие болатын кезі, ұйымды Еуропа елдері халқының алаңдаушылығын танытып отырған проблемаларға бұратын кез жетті",- деп атап көрсетті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны