07.01.2012, 16:14 4146

Қазақстанның макарон өнімін экспорттау бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке айналуына толық мүмкіндігі бар

Бұл туралы Шымкенттегі "Мадина" макарон фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу барысында "Ақ жол" ҚДП көшбасшысы мәлім еткен.

Шымкент. 7-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның макарон өнімін экспорттау бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке айналуына толық мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Шымкенттегі "Мадина" макарон фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу барысында "Ақ жол" ҚДП көшбасшысы мәлім еткен.

"Сіздің компанияңыз өз мысалы негізінде қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола алатындығын көрсетіп отыр, бұл көңіл қуантарлық жағдай. Еліміздің басты байлығы тек мұнай мен металл деп ойлау қате. Қазақстан бидай және ұн экспорты бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі. Бұл, әрине, жақсы көрсеткіш, ал егер біз бидайды өңдеп дайын өнім, әсіресе макарон өнімін шығару бойынша көшбасшылардың біріне айналсақ, одан да жақсы болар еді", - деп атап өтті Азат Перуа-шев өз сөзінде.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азат Перуашев бастаған "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның үгіт-насихат тобы Оңтүстік Қазақстан облысындағы сайлаушылармен кездесулерін жалғастырды. Сайлауалды кампания аясында "ақжолдықтар" Шымкенттегі "Мадина" ма-карон фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті. Бұл өндіріс орнының өнімі Қазақстанның барлық ірі қалаларында тұтынылады, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне шығарылады. Қазіргі кезде Ресей және Қытай Халық Республикасының сатып алушыларымен келіссөздер жүруде.

"Ақжолдықтар" қазақстандық қоғам үшін өндірістің маңыздылығын атап өтті. Олардың ойынша, өндірістегілер мемлекеттік қазынаны салық төлемімен толтырып және өздерін асырап қана қоймай, өзгелерді де жұмыспен қамтып отыр. Партия өндірісті ынталандыру үшін әрбір нақты саланың рентабельділігіне қарай өндірістегі басым салаларға сараланған салық мөлшерін енгізуді ұсынып отыр. Сонымен қатар, отандық білім беру жүйесін өзгерту қажет.

"Жұмыс іздеп сабылып жүрген заңгерлер мен экономистердің қажеті не? Сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын көбейту керек. Елімізге инженерлер, технологтар, кәсіби дайындығы бар жұмысшылар қажет. Ал жастардың өндіріске бет бұруы үшін, өндірісті ынталандырған жөн. Жоғарыда аталғандармен қатар, жас отбасылар үшін ерекше тұрғын үй бағдарламасы, өндірісте еңбек етуші жастарға мемлекеттік субси-дия бөлу қажет", - дейді "ақжолдықтар".

Сондай-ақ кездесу барысында елдегі денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік жағдайға қатысты сұрақтар көтерілді. Атап өткен жөн, біраз қызметкері "АҚ ЖОЛ" партиясының мүшесі болып табылатын фабрика ұжымы партия басшылығын жылы қабылдады. Жұмысшылар тек "Ақ жол" партиясы ғана олардың мүдделерін қорғайды деп санайды. Кездесу соңында партияның үгіт-насихат тобының мүшелері барлық жақтастарын 15 қаңтарда сайлауға келіп, "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны