25.05.2009, 18:44 2833

Қазақстанның сыртқы істер министрі Душанбеде өтетін "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумына қатысады

Қазақстанның сыртқы істер министрі Душанбеде өтетін "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумына қатысады

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин 29-30 мамырда Душанбеде өтетін "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Душанбеде 29-30 мамырда "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, оған Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысады", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, форумда Орталық Азия елдері және Еуропалық Одақ форматындағы ағымдағы ықпалдастық мәселелерін, Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы 2013 жылға дейінгі өңірлік стратегиясын бірлесе жүзеге асыру, өңірлік ынтымақтастық, соның ішінде экономикалық дағдарыстың экономикаға, саудаға, инвестициялар мен көші-қонға әсері, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Бұған қоса форум аясында Қазақстанның сыртқы істер министрі бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны