30.03.2007, 13:07 3211

Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы 2007-жылғы күзде өтеді

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы 2007-жылғы күзде өтеді. Бұл туралы Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұған дейін де біз біршама келісімдердің жобасын қарайтын боламыз. Қазір олар сарапшылардың талқысынан өтуде",- деді ол.

М.Фрадков Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуде "мұнайгаз, электр қуаты, атомды бейбіт мақсатта пайдалану, өнеркәсіптік кооперация саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселесімен қатар, ЕурАзЭҚ және Біртұтас экономикалық кеңістік форматындағы интеграцияға қатысты мәселелер" талқыланғанын хабарлады.

Ресей үкімет басшысы екі жақты қарым-қатынастардың жай-күйін қарқынды деп бағалады. "Біздің қарым-қатынасымыз арта түсуде. Ол саяси ықпалдастықтың ең жоғары деңгейіне сәйкеседі",- деді ол.

М.Фрадковтың хабарлауынша, 2006-жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 13 млрд долларды құрады. "Бұл біздің қарым-қатынасымыз үшін жоғары шек емес",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны