05.09.2006, 12:41 3157

Қазан айында Чувашия республикасының президенті сапармен Қазақстанға келеді

МИСКЕУ. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазан айында Чувашия республикасының президенті Николай Федоров сапармен Қазақстанға келеді. Алдағы сапарға қатысты мәселелер Ресей Федерациясындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың Чувашия басшысымен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана мен Алматыға келуді жоспарлап отырған Чувашияның ресми өкілдерінің құрамына ірі өнеркәсіп орындарының жетекшілері мен кәсіпкерлер енген.

Кездесуде Н.Федоров өзі басқаратын республика мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті. Чувашиялықтар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыт-бағдары мен стратегиясын қолдайды және Қазақстандағы экономикалық реформаларды жіті қадағалап отырады, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны