10.10.2007, 14:19 2645

Қырғызстан Республикасының парламенті жұмысын тоқтатты

Қырғызстан Республикасының парламенті жұмысын тоқтатты.

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының парламенті - Жогорку Кенеш референдумға дейін өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Парламент депутаттары тиісті шешімді парламенттің бүгінгі отырысында қабылдады. Халық қалаулылары бүгін Қырғызстан үкіметі мен алтын кенішін игеруші "Центерра Голд Инк" АҚ арасындағы жаңа келісімнің жобасын қарайды деп межеленген болатын. Алайда, заң шығарушылар бұл мәселені 21 қазандағы референдумнан кейін қарауға шешім шығарды.

Үкімет пен алтын өндіруші компания арасында бейбіт келісім орнату туралы шешімнің кейінге шегерілуін Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаев "саяси ойын" деп атады.

"Бұл келісім Қырғызстан экономикасының алға жылжи түсуін қамтамасыз етуші еді", - деді бүгін үкімет басшысы парламентте журналистер сауалына берген жауабында. "Кез-келген ойынның шегі бар, өйткені, мемлекеттің болашағымен ойнауға болмайды", - деді ол.

Қырғызстан парламентінің депутаттары отырысты 22 қазанда қайта бастайды, ал оған дейін сайлау округтерінде сайлаушылармен жүздеседі.

Бұған дейін Жогорку Кенеш депутаттары қазанның 12 мен 19 аралығында отыстарды тоқтата тұруды жоспарланған болатын. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, маусым мен қыркүйектен өзге әрбір айдың соңғы аптасы парламентшілердің сайлау округтеріндегі кездесулерге арналған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанда өтетін референдумда Конституцияның жаңа редакциясы туралы және сайлау жөніндегі жаңа Кодекс туралы мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны