07.02.2008, 19:45 2733

Қырғызстан үкіметі азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты шараларды қолға алады

Қырғызстан үкіметі азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты шараларды қолға алады

Бішкек. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қырғызстан үкіметі азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты бірқатар шараларды қолға алатын болады.

Бұл туралы бүгін өткен Қырғызстан үкіметі жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі Кеңесінің отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов мәлімдеді.

"Үкімет бидай сатып алуға 20 млн сом бөліп, 210 млн сомды ауыл шаруашылық техникаларды сатып алуға жұмсайды. Сондай-ақ , ауылшаруашылық өнім өндірушілерге тұқымды сатып алуға несие бөлу үшін "Айыл банкке"ААҚ 100 млн сом аударылады", - деп атап өтті премьер-министр.

И. Чудиновтың сөздері бойынша, кеше өткен азық-түлік қауіпсіздік кеңесінде баяндамалар тыңдалып, онда Қырғызстанда баға көтерілетіні жөнінде мәліметтер расталды.

"енді біздер басты міндеттеріміз-инфляцияны тежеп, әлеуметтік көмекке зәру болып отырғандарға қол ұшымызды беру", - деп атап өтті И. Чудинов.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрі Акылбек Жапаров, көктемде Қырғызстанда бағалар шарықтайды деп мілімдеген болатын.

Оның сөздері бойынша, елде азық-түлік бағаларын төмендету тұрмақ, оларды қазіргі деңгейде құстап қалу мүмкін болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны