05.09.2007, 10:45 1522

Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің телекоммуникациялық технологиялар мәселелері жөніндегі сарапшыларының кездесуі өтеді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Қырғызстанда телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы талқылайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. БІШКЕК. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Қырғызстанда телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы талқылайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы министрлер кеңесінің жанындағы қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар жөніндегі арнаулы жұмыс тобының отырысы 6-7 қыркүйекте өтеді. Кездесу Ыстықкөлдің жағалауындағы бір мейманханада өтпек. "Тараптар ынтымақтастықты нығайту перспективалары мен саладағы өзекті проблемаларды шешу жолдары жайлы талқылайды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жұмыс тобының отырысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның сарапшылары қатысады. Кеңеске Қырғызстан төрағалық жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны