09.01.2008, 16:28 2400

Қырғызстанда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ортақ есеп- шот ашылды

Қырғызстанда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ортақ есеп- шот ашылды

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның қаржы министрлігінің орталық қазынашылығында Ош облысында орын алған жер сілкінісінен зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсету мақсатында арнайы есеп -шот ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қырғызстан республикасының қаржы министрі Тәжіқан Қалымбетованың бұйрығы және үкіметтің тапсырмасы бойынша, қаржы министрлігінің орталық қазынашылығында жер сілкінісінен зардап шекендерге көмек көрсету мақсатында жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін қаржыны жинайтын арнайы есеп-шот ашылды ", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, 2007 жылдың 26 желтоқсанында Қырғызстанның Ош облысында күші 5,5-6 балдық жер сілкінісі болды. Облыста екінші жер дүмпуі 1 қаңтарда қайта қайталанды. Соның салдарынан, бірқатар қоғамдық ғимараттар және 700 тұрғын үйдің іргесі қирады. Көптеген адамдар баспанасыз қалды.

Бішкек мэриясы зардап шеккендерге 1 млн сом ақша аударды. Мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын Ош облысының тұрғындарына аударды.

$1 = 35 сом мөлшерінде

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны