22.12.2008, 16:13 3045

Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы кеңейтілмейді деп үзілді-кесілді айтуға болады - Бакиев

Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы кеңейтілмейді деп үзілді-кесілді айтуға болады - Бакиев

Алматы. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы кеңейтілмейді деп үзілді-кесілді айтуға болады. Бұл туралы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі оның Ресейдің "Независимая газетасына" берген сұхбатына сілтеме жасап.

"Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы кеңейтілмейді деп үзілді-кесілді айтуға болады. Кезінде АҚШ-қа әскери база ашуға рұқсат берілген кезде Манас базасы тәлібтермен арадағы соғыс аяқталғанға дейін жұмыс істейтіндігі айтылған. Сол себепті оны кеңейту жөнінде сөз қозғау мүмкін емес", - деді Қ. Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны