01.07.2010, 18:06 4063

Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1500 ғимарат пен тұрғын үй тоналып, өртке оранған

Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1500 ғимарат пен тұрғын үй тоналып, өртке оранған

Алматы. 1-шілде. Kazakhstan Today Қырғызстанның Ош қаласы мен облысында 10 14 маусым аралығындағы жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 758 қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық істердің көбі жаппай тәртіпсіздік кезіндегі ғимараттар мен тұрғын үйлердің тоналуына байланысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Вести.Ru" сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істер адам өлтіру, жаппай тәртіпсіздік, адам ұрлау және заңсыз қару сатып алу деректері бойынша қозғалған, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ең көп қылмыстық іс мүлікке залал елтіру фактісі бойынша қозғалған: Ош қаласы мен облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 1500 ғимарат пен тұрғын үй тоналып, өртке оранған.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, республиканың оңтүстігіндегі оқиғадан көз жұмғандар саны 191 адамға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны