16.02.2012, 15:12 3457

Қырғызстанның премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Сапарға дайындық мәселелері Бішкекте өткен Қырғызстандағы Қазақстан елшісі Бейбіт Исабаев пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың кездесуі барысында талқыланған.

Астана. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстанның премьер-министрі Омурбек Бабанов Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сапарға дайындық мәселелері Бішкекте өткен Қырғызстандағы Қазақстан елшісі Бейбіт Исабаев пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың кездесуі барысында талқыланған, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Өмірбек Бабановтың жақын арада Қазақстанға сапары және үстіміздегі жылдың сәуір айында Астанада ТМД және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер кеңесін өткізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізу мәселесі сөз болды.

Тараптар көпжақты халықаралық әріптестік арқылы Орталық Азиядағы тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту сияқты өзекті мәселелері талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны