10.12.2007, 18:19 3279

Қырғызстанның шекара қызметі шекараны күзетудің күшейтілген режиміне көшті

Қырғызстанның шекара қызметі шекараны күзетудің күшейтілген режиміне көшті

Бішкек. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның шекара қызметі мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауына дайындық жұмыстарының басталуына байланысты бүгінгі күннен бастап мемлекеттік шекараны күзетудің күшейтілген режиміне көшті. Мұндай бұйрыққа Қырғызстан Республикасының Шекара қызметінің төрағасы Замир Молдошев шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мекеменің баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

«Бұйрық лаңкестік немесе басқа да қылмыстардың болуының алдын алу және жолын кесу мақсатында шығарылып отыр»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты өткізу пункттері арқылы тұлғалардың және көлік құралдарының шекарадан асуларына қойылатын бақылау күшейтілетін болады. Республикаға келетін барлық көлік құралдарында «қару-жарақ, оқ-дәрілер, лаңкестік құралдары, есірткі заттарының болмауына және лаңкестік ұйымдарға қатысы бар адамдарды анықтауға» тексеру жүргізіледі.

Парламент сайлауының алдында Қырғызстан Республикасының Шегара қызметі сондай-ақ, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетімен, қорғаныс және ішкі істер министрліктерімен өзара ықпалдастық жоспарларын бекітті. Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанда парламент сайлауы мерзімінен бұрын үстіміздегі жылдың 16-желтоқсанында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны