11.09.2006, 16:13 3290

Қыркүйек айының үшінші жартысында Қазақстанға ресми сапармен Кореяның премьер-министрі келеді

АСТАНА. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйек айының үшінші жартысында Қазақстанға ресми сапармен Оңтүстік Кореяның премьер-министрі келеді , деп хабарлады бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен кездесуден кейін Корея Ұлттық ассамблеясының депутаты Ким Вон Ки. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі құлағдар етті.

"Біздің премьер министр Хан Мен Сук 21-ші -24-ші қыркүйек аралығында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр, делегация құрамына 200 -ден астам адам кіреді", деді депутат.

Ким Вон Кидің мәліметіне қарағанда, Корея үкіметінің басшысы Қазақстан премьер -министрімен кездесіп, "Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынасты кеңейтуге ықпал ететін түрлі мәселелерді талқылайды".

"Біздің пікірімізше, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әртүрлі саладағы ынтымақтастық қажетінше жылдам дамып келеді, дегенмен екі ел арасындағы қарым-қатынас тек мұнай саласында ғана емес, сондай ақ мұнай химиясы, телекоммуникация, атом энергетикасы , құрылыс және көлік саласында да қарқынды дамуда",-деп мәлімдеді Ким Вон Ки.

Сондай ақ , Ким Вон Ки бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Оңтүстік Корея президенті Но Му Хеннің өз еліне ресми сапармен келу туралы шақыруын жеткізді.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Кореяға жаңа сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен серпін береді деген сенімдемін",-деді Ким Вон Ки.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны