13.03.2009, 17:40 3091

Қытай ағымдағы жылы Қазақстанмен арадағы келісімдерге қол қоюдан үміттенеді - Вэнь Цзябао

Қытай ағымдағы жылы Қазақстанмен арадағы келісімдерге қол қоюдан үміттенеді - Вэнь Цзябао

Пекин. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қытай ағымдағы жылы Қазақстанмен арадағы келісімдерге қол қоюдан үміттенеді. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 2-ші сессиясының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі " Синьхуа " ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Вэнь Цзябао қаржылық дағдарысқа бірлесе қарсы тұру үшін ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты қарқындандыру қажеттігін атап өтті.

"Қытай мен Ресей жуырда мұнай және қаржы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдердің топтамасына қол қойды. Оның негізінде екі ел арасында мұнай саласындағы ынтымақтастықта болған барлық қиындықтар шешімін тапты. Қытай сонымен бірге Қазақстанмен қаржы, энергетика және ресурстарды игеру салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет хаттамаларына қол қойған. Енді Қазақстанмен арадағы келісімдерге биыл қол қойылады деп сенеміз", - деді В. Цзябао.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны