08.08.2006, 15:33 3072

Қытайда Азия-Тынық мұхиты аймағының қалалары әкімдерінің жетінші саммиті ашылды

ДУШАНБЕ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономииялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласында бүгін Азия-Тынық мұхиты аймағының қалалары әкімдерінің жетінші саммиті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Душанбе қалалық хукуматына сілтеме жасап.

Алқалы жиынға дүниежүзінің 17 елі мен аймағындағы қалалардың мэрлері, атап айтсақ, ҚХР, Оңтүстік Корея, Ресей, Жапония, Таиланд, Қырғызстан және басқа да елдердің өкілдері қатысады.

"Бұл жолғы саммитке "Қалалардцң үйлесімді дамуы" атты тақырып арқау болмақ,- деп хабарлайды хукумат. - Дүниежүзілік мегаполистердің басшылары қала құрылысы мен басқару, қоршаған ортаны қорғау, экономика және көлік проблемаларын талқылайды". Душанбеден бұл жиынға қала төрағасының орынбасары Зокирхуджа Мухтиддинов қатысуда.

Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қалалар әкімдерінің саммиті екі жылда бір рет өтеді. Алғаш рет ол 1994-жылы Жапонияяның Фукуока қаласында өтті. Қазір осындай саммиттер өткізетін ұйымға аймақтағы 26 ел біріккен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны