16.08.2007, 19:31 2482

ҚКХП өз қатарынан Ибілқасымовты шығарады

Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы өзінің саяси бірлестігінен Ерасыл Ибілқасымовты шығарады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы өзінің саяси бірлестігінен Ерасыл Ибілқасымовты шығарады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының төрағасы Александр Холодков мәлім етті.

"Ибілқасымов есепте тұрған Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының Астана қалалық комитеті оны коммунистік партияның қатарынан шығару процедурасын бастады",- деді А. Холодков.

А. Холодков, мұндай шешім 13-тамызда республикалық телеарналардың бірінен Е. Ибілқасымовтың сайлаушыларды "Нұр Отан" партиясына дауыс беруге шақырғандығына жауап ретінде қабылданып отырғандығын түсіндіріп өтті. "Біз оның бұл қылығын әдейі жасалған сатқындық ретінде бағалаймыз",- деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар, "сайлау науқаны басталғаннан бері ол (Ибілқасымов) сайлаушылармен бір де бір рет кездесу өткізбеген, партия тапсырмаларының біреуі де орындалмаған",- деді Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны