13.01.2012, 17:02 3693

Көптеген партиялар өздерінің бағдарламаларын құру кезінде олардың іс жүзінде орындалу механизмі туралы ойланбаған

"Баяндамалардың нәтижесі бойынша көптеген партиялар өздерінің бағдарламаларын құру кезінде олардың іс жүзінде орындалу механизмі туралы ойланбаған, деген қорытынды жасауға болады,- деп жазады ғаламтор-басылымы.

Алматы. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Сайлауалды жүргізілген пікірсайыс көптеген партиялар өздерінің бағдарламаларын құру кезінде олардың іс жүзінде орындалу механизмі туралы ойланбаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Dialog.kz ғаламтор-басылымына сілтеме жасай отырып.

"Баяндамалардың нәтижесі бойынша көптеген партиялар өздерінің бағдарламаларын құру кезінде олардың іс жүзінде орындалу механизмі туралы ойланбаған, деген қорытынды жасауға болады. Мысалға айта кетсек, кез-келген саналы адам үшін бүгінгі жағдайда жанармай бағасын 40 теңгеге дейін арзандату мүмкін емес екендігі бесенеден белгілі. Осындай орындалуы мүмкін емес міндеттерді алға қоюдың айқын мақсаты сайлауалды сайыстағы жандану болып табылады. Өз бағдарламаларының орындалуына толық жауап беруге тек екі ғана партия дайын, атап айтқанда: "Нұр Отан" және "Ақ жол" партиялары",- деп жазады ғаламтор-басылымы.

Сонымен қатар, мақала авторының пайымдауынша, "жекелеген партия жетекшілері сайлаушыларды басқа партиялардың бағдарламалық нұсқамаларын пайдалану арқылы жаулап алмақ болды. Мысалы, "Ақ жол" ҚДП бақталастары партияның ауылшаруашылық банкін құру туралы, балалы болған жас отбасылардың ипотекалық несиелеріне мемлекеттік субсидия бөлу туралы, мемлекеттік жәрдемақыны қайта қарау туралы, ШОБ қолдауға қатысты шаралар туралы идеаларына көз тігушіліктер де болды".

"Сондай-ақ, пікірсайыс кезінде тіл мәселесіне де назар аудару қажет. Белгілі болғандай, көптеген партиялар қалада тұратын орыс тілді сайлаушыларға көп назар аударуда. Партия өкілдері қазақ тілін тек алғы сөздерде ғана қолданып, мазмұнды бөлімі орыс тілінде айтылды. Қазақ тілді азаматтардың белсенді екендігін ескерсек, дәл осы сәт түсінбеушілік туғызады. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өз баяндамасында қазақ тілін белсенді қолдануымен көзге түсті. Ол барлық раундтарда жасаған баяндамасының кемінде жартысын қазақ тілінде баяндады. Ауыл туралы қойылған сұраққа толықтай қазақ тілінде жауап берген тек А. Перуашев",- деп жазады ғаламтор-басылымы.

"Ақ жол" ҚДП "Руханият" партиясының сайлаудан шеттетілгеннен кейінгі ұлттық-патриоттық ұстанымдағы жалғыз құрылым болып қалды. Перуашев басқарған партияның түрлі бағалар бойынша жалпы сайлаушылардың 20-дан 50 пайыз дауысын жинайтындығына ескерсек, екінші орын үшін оның еш бәсекелесі жоқ",- деген қорытынды жасайды мақала авторы.

"Шешендік шеберлік тұрғысынан үш партияның жетекшілері көзге түсті, атап айтқанда Нұрлан Нығматулин, Азат Перуашев және Уәлихан Қайсаров. Ал басқа партиялардың төрағалары жауап беру кезінде мүдіріп, нақты сұрақтарға жауап беруден жалтарып та кетті. Шешендік тұрғысынан ең нашар көрсеткіш көрсеткен Жармахан Тұяқбай болды. Азат Перуашев өз баяндамасында салмақтылық пен ұстамдылық танытып көзге түсті. Сайыскерлердің көбі өздерінің осал тұстарын эмоциямен жабуға тырысты. Бұл тұрғыда Қайсаров пен Қосарев ерекшеленді. Алғашқысы өзіне өзі сұрақ қойып, оған өзі жауап бермек болып "кішігірім" бүлік шығарды. Ал екіншісі пікір сайыстың қорытынды бөлімінде өлең жазатын "талантымен" ел езуіне күлкі ұялатты. Перуашев өз баяндамасында нағыз шешен ретінде салмақтылық пен мысқылшылдықты үйлестіре білді. Оның "әдемі қыздардың барлығын түгел сүйіп бітпейсін" деген нақыл сөзі пікірсайыстың нағыз хитына айналды", деп қорытындылады мақала авторы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны