23.10.2012, 12:53 3083

ҚР мен АҚШ 2012-2013 жылдарға энергетикалық әріптестік туралы келісім шартқа қол қойды

Энергетикалық әріптестік жөнінде қазақ-америка біріккен комиссиясының 9-шы отырысы Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэниел Понеманның тең төрағалығымен өтті.

Вашингтон. 23-қазан. Kazakhstan Today - ҚР мен АҚШ 2012-2013 жылдарға энергетикалық әріптестік туралы келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 15-16 қазанда Вашингтонда энергетикалық әріптестік жөнінде қазақ-америка біріккен комиссиясының 9-шы отырысы өткен.

Энергетикалық әріптестік жөнінде қазақ-америка біріккен комиссиясының 9-шы отырысы Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэниел Понеманның тең төрағалығымен өтті.

Мәліметте көрсетілгендей, отырыс барысында тараптар атом өнеркәсібі және оны таратпау мәселелері, көмірсутегі энергетикасы, электр энергетикасы, қайта жаңартылатын қуат көздері мен энергиямен қамтамасыз ету салаларының ағымдағы жағдайы мен болашақтағы бағыттарын талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар 2012-2013 жылдарға арналған энергетикалық әріптестікті қалыптастыру бойынша ҚР мен АҚШ біріккен әрекеттерінің Жоспары мен Біріккен мәлімдемеге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны