23.06.2009, 13:48 1271

ҚР ОСК мен РФ ОСК арасындағы ынтымақтастық пен құқықтық ақпарат алмасу туралы хаттамаға қол қойылды

ҚР ОСК мен РФ ОСК арасындағы ынтымақтастық пен құқықтық ақпарат алмасу туралы хаттамаға қол қойылды

Астан. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Санкт-Петербург қаласында 2009 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров ҚР ОСК мен РФ ОСК арасындағы ынтымақтастық пен құқықтық ақпарат алмасу туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Қол қою рәсіміне ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы М. Кротов, ТМД ПАК бас хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы парламентінің өкілі Х. Бакенов, ТМД парламенттерінің өкілдері, Санкт-Петербург сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан мен Ресейдің орталық сайлау органдары арасындағы ынтымақтастық пен құқықтық ақпарат алмасу туралы хаттамаға қол қою жалпы интеграциялық үрдістер аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды және уақтылы қадам болып табылады.

"Бүгін біз бірлесе отырып елдеріміздің сайлау жүйелерінің және жалпы алғанда сайлау процесінің тұрақты және серпінді дамуын барынша тиімді қамтамасыз ете аламыз деген ортақ пікірге келіп отырмыз. Ресей мен Қазақстанның сайлау органдарының азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруы саласында, әртүрлі деңгейдегі сайлауларды ұйымдастыру, өткізу және құқықтық реттеу жөнінде жинақтаған тәжірибесінің бай және мол екендігі соншалық, оны бірлесе отырып терең талдау ұлттық сайлау жүйелерінің өзекті мәселелерін шешудің тиімді әдістері мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы алғанда сайлау процесінің дамуына айтарлықтай әсер ете алады",- деп атап өтті өз сөзінде Қ. Тұрғанқұлов.

Тараптар, сондай-ақ, бұл құжатқа қол қою сайлау процесін жетілдіру саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін беретініндігіне және бұл қарым-қатынастар нақтылы серіктестік пен екі елдің сайлау органдары арасындағы тікелей байланыстарға негізделетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны