07.10.2008, 18:09 3597

ҚР ОСК парламент сенатының сайланған депутаттарын бекітті

ҚР ОСК парламент сенатының сайланған депутаттарын бекітті

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ОСК парламент сенатының сайланған депутаттарын бекітті, сайланған депутаттарды комиссия осы жылдың 9 қазанында тіркейді. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен абспсөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары болып сайланғандар:

Ақмола облысынан - Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы, 1948 жылы туған, Қазақстан Республикасы парламенті менатының депутаты, Көкшетау қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Ақтөбе облысынан - Иміров Иран Имірұлы, 1944 жылы туған, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, Ақтөбе қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Алматы облысынан - Сүлейменов Нұрлан Ильясұлы, 1946 жылы туған, Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Талдықорған қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Атырау облысынан - Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 1963 жылы туған, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Атырау қ., қазақ "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан - Плотников Сергей Викторович, 1960 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қ., орыс, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Жамбыл облысынан - Савченко Александр Георгиевич, 1951 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қ., орыс, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Батыс Қазақстан облысынан - Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 1961 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Орал қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қарағанды облысынан - Кубайчук Юрий Алексеевич, 1953 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қарағанды қ., украин, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қызылорда облысынан - Баймаханов Қожахмет, 1953 жылы туған, "Асар-Холдинг ЛТД" ЖШС бас директоры, Қызылорда қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қостанай облысынан - Валиев Құсайн Қасенұлы, 1948 жылы туған, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, Қостанай қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясы-ның мүшесі;

Маңғыстау облысынан - Бортник Михаил Михайлович, 1960 жылы туған, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қ., украин, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Павлодар облысынан - Жұмабаев Ермек Жианшаұлы, 1949 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Железин ауданы, Железин ауылы, қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Башмаков Анатолий Афанасьевич, 1949 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Петропавл қ., орыс, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Оңтүстік Қазақстан облысынан - Рахманбердиев Орынбай, 1943 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Астана қаласынан - Омаров Қайсар Оспанұлы, 1946 жылы туған, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Астана қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Алматы қаласынан - Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы, 1946 жылы туған, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, Алматы қ., қазақ, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны